Еліміз бойынша іздеуде жүрген көлік Алматыдан табылды

Фото: unsplash
Алматы көшелерінде қылмыстық оқиғаға қатысы бар көлік еркін жүргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында патрульдеу жүргізіп жүрген "Буран-219" экипажы Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында аталған көліктің республикалық деңгейде іздеуде жүргені белгілі болды.

"Бұл көлікті ұстау бойынша еліміздің өңірлік полиция бөлімшелеріне арнайы бағдар берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автокөлік қылмыстық істердің біріне қатысы болуы мүмкін. Көлік жүргізушісі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Бұған дейін ауқымды операция аясында Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы бергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды