Семейде қойма өртеніп, қаланы қара түтін басты

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылы 2 маусымда Семей қаласындағы Кошевой көшесінде бір реттік пайдаланылатын тауарлардың көтерме саудасымен айналысатын ЖШС аумағында орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде жалын өршіп кеткен.

"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үздіксіз су беру ұйымдастырылып, бірнеше өрт оқпаны енгізілді. Өртті сөндіру жұмыстары қою түтінмен, жоғары температура және өрт жүктемесінің ауырлығымен күрделене түсті. Сонымен қатар, қағаз өнімдері мен шаруашылық тауарларының көп мөлшерде болуы жалынның үлкен аумаққа тез таралуына себеп болды", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді