Бейнебақылау камерасына түсіп қалған: Қазақстанның оңтүстігінде жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Сурет: Валерий Бугаев
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың денесі Сырдариядан табылды. Үш күн бұрын із-түссіз кеткен балақайдың үйі өзен жағалауына жақын орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 8 маусымда Алматы телеарнасы хабарлағандай, оның дария бөгетіне қарай кетіп бара жатқан сәті сол маңдағы кәсіпкерлік нысанының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Іздестіру жұмыстары су айдыны мен өзен жағалауында қатар жүрді. Өкінішке қарай, кішкентай қыздың денесін құтқарушылар қаладан 20-30 шақырым жердегі "Әйтек" су торабынан тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция департаменті мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

"Жалпы іздестіру жұмыстарына 495 адам жұмылдырылып, 17 техника, үш қайық одан басқа үш кинологиялық топтар қатысты. 7 маусым, сағат 10:41-де қыздың денесі табылды. Жарақат ештеңе көрген жоқпыз", – деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Бұған дейін Арыс қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен бір әйел қаза тапқанын жазғанбыз.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты