Оңтүстік Қазақстанда мас жүргізуші жол апатына себеп болды: екі бала мен жүкті әйел қаза тапты

Оңтүстік Қазақстанда мас жүргізуші жол апатына себеп болды: екі бала мен жүкті әйел қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 16:42 Сурет: Telegram/Kozachkov offside
Арыс қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат 2026 жылғы 6 маусым күні Сейтбеков көшесінде болған.

Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, 52 жастағы жүргізуші әйел жеке үйдің қоршауына соғылып, сол үйдің алдында орындықта отырған адамдарды қағып кеткен. Соның салдарынан екі кішкентай бала мен жүкті әйел оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Хабарларға қарағанда, жүргізуші мектепте мұғалім болып жұмыс істейді және апат кезінде алкогольдік мас күйде болған.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"JAC маркалы көліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Оперативтік іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады",- делінген полиция мәліметінде.

Сонымен қатар полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: