Алматыда мас жүргізуші екі жол апатына себеп болды

Алматыда мас жүргізуші екі жол апатына себеп болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 10:49 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Алатау ауданындағы Теректі шағынауданында бір жүргізушінің қатысуымен екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai Elantra автокөлігі солтүстік бағытта келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Алайда, бір сәтте жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдың бөлінген жасыл жолағына шығып кеткен. Салдарынан ағашқа соғылып, көлік ауаға көтеріліп, шамамен бес метр биіктікте ағаштың бір бөлігін сындырып өткен. Одан кейін бір рет аударылып, төбесімен жерге құлаған.

Сурет: Zakon.kz

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде болған. Оқиға орнына жеткен жол-патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды ұстады.

Сурет: Zakon.kz

Анықталғандай, ол бұған дейін тағы бір автокөлікпен соқтығысқан. Екінші жол апатына ол алғашқы оқиға орнынан қашып бара жатқанда тап болған.

Сурет: Zakon.kz

Алайда алысқа ұзай алмаған – екі апат орын алған жердің арақашықтығы бір шақырымға да жетпейді.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: