Алматыда рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші тұрақтағы көліктерді қағып кетті

Алматыда рөлге ие бола алмай қалған жүргізуші тұрақтағы көліктерді қағып кетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 12:40 Сурет: Zakon.kz
Алматының орталық бөлігінде 11 мамыр күні BMW M4 және тұрақтағы екі көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат Қонаев көшесінде, Төлебаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің арасында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW M4 көлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Осылайша, ол жол шетінде тұрған Nissan Almera көлігіне соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Соқтығыс нәтижесінде Nissan Almera-ның артқы дөңгелегі жұлынып, көлік алға қарай ұшып, алдында тұрған Chevrolet Spark көлігіне соғылған. Екінші соққыдан кейін Almera жолдан шығып, тротуар жанындағы аллеяға түскен. Spark көлігі де жолдан шығып кеткенімен, оның қозғалысын ағаш тоқтатқан.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға кезінде тұрақта тұрған көліктерде адамдар болмаған. BMW жүргізушісі жарақат алмаған. Оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі сезілгендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: