Алматыда жеңіл көлік билбордқа соғылды: жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған

Алдын ала мәліметтер бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан көлік қар мен мұз жиналған жолдың тайғақ бөлігінде рөлге ие бола алмай қалған.

Сурет: Zakon.kz
Осылайша, көлік арқы бөлігімен билбордтың діңгегіне соғылған. Қатты соққыдан артқы орындықта отырған екі жолаушы салонда қысылып қалған.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына құтқару қызметтері келді, олар зардап шеккендерді көліктен шығарды. Үш адам, оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Көліктегі өзге екі жолаушы алған кішігірім жарақаттарына қарамастан медициналық көмектен бас тартты.

Сурет: Zakon.kz
Құтқару қызметінің мамандары көлікте бір топ жастар болғанын атап өтті. Ауруханаға жатқызудан бас тартқан жолаушылардың екеуі оқиға орнынан өздері кеткен.
ЖКО-ның мән-жайы анықталуда.
Бұған дейін Алматы іргесіндегі Қапшағай тас жолында 20-ға жуық көліктің қатысуымен жол апаты орын алғаны хабарланған болатын.