Алматыда түн ортасында жантүршігерлік жол апаты болды: жүргізуші қаза тапты
Daewoo Matiz көлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылынан өтіп, ұзақ бұрылыстан кейін рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетті.
Көлік тротуарға ұшып, оның жүргізуші жағы байланыс желілерінің бағанына соғылды. Артынша, желінің бір бөлігі көлікке құлаған.
Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ, автокөлік жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған.
Сурет: Zakon.kz
Апат даусын естіген үй қожайыны бірден көшеге шыққан. Ол бағана көліктің жүргізуші жағын ішіне қарай майыстырып, ал жүргізушінің өзін жолаушы орындығына қарай лақтырып жібергенін көрді.
Сурет: Zakon.kz
Ол кезде Daewoo Matiz жүргізушісінен әлі де өмір белгілері байқалған, алайда жедел жәрдем келгенге дейін жас жігіт қайтыс болды.
Сурет: Zakon.kz
ЖКО-ның барлық мән-жайларын жол полициясының қызметкерлері анықтап, қаза тапқан адамның жеке басын анықтайды.
Сурет: Zakon.kz
Жағдайға қарағанда, Daewoo Matiz көлігі өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан.
Бұған дейін Абай облысында өзенге көліктің құлап кеткені хабарланған болатын.