Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 10:18 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 6 мамырға қараған түні Алматы қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай Шығыс айналма автожолында, Диваев көшесіне жетпей орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Subaru Forester көлігі солтүстік бағытта келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегінен шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Жоғары жылдамдықпен бордюр мен арықтан асып өткен көлік еңіске қарай ұшып түсіп, жарнама тақтасының тірегіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, автокөлік ауыр зақымданып, бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Жүргізуші алған ауыр жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Уақытша жолдың бұл бөлігі қоршауға алынған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда.

"Жол апаты 22:35 шамасында Медеу ауданында болған. Subaru көлігінің жүргізушісі Шығыс айналма автожолы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан жарнама қалқанына, артынша ағашқа соғылып, көлік аударылған". Алматы қалалық полиция департаменті

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша адам өліміне әкелу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: