Алматы іргесіндегі Қапшағай тас жолында ауыр жол апаты орын алды: 20-ға жуық көлік соқтығысты
Оқиға куәгерлері жол апаты туралы ақпарат пен видео бөлісуде. Ауыр оқиға ақы төлеу бекеттерінің алдында болғаны хабарланды.
Бейнежазбаға қарағанда, кем дегенде 10 көлік зақымданған. Кадрларда өте қою тұман болғаны көрінеді, соқтығыстың бір себебі осы болса керек.
Алматы облысының полицейлері жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме дайындап жатыр.
Ал, "ҚазАвтоЖол" оқиғаның біраз жайын хабарлады.
2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының 28 шақырым учаскесінде ("Алматы-Қонаев" бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Авария қалың тұман кезінде болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға орын алды.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталуда.
2025 жылдың басында Астана-Петропавл тас жолында 95 көліктің қатысуымен ауыр жаппай апат болды.