Павлодар облысында тас жолда жаппай жол апаты орын алды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 18:53 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Павлодар-Семей тас жолында жаппай жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты 29 наурызда сағат 15:50-де болғаны нақтыланады.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жылдамдық шегін асыра құйғытқан Audi Mazda Cronos көлігіне соқтығысқан.

Қатты соққыдан Mazda ұшып барып қасында тұрған Kia Rio-ны іліп кеткен

Айта кетсек, бұл кезде екі көлік те жаяу жүргіншілерді өткізіп, тоқтап тұрған. 

"Апат салдарынан Mazda Cronos-тың жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін ерлі-зайыпты ресейлік азаматтар Ақтөбе облысында жол апатынан көз жұмғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: