Павлодар маңында орын алған жаппай жол апаты кезінде 8 адам зардап шекті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 23:15 Сурет: Zakon.kz
27 шілдеде "Кенжекөл-Павлодар" тас жолында жол апаты орын алды. Автобуспен Volkswagen және ВАЗ жеңіл көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, JAC маркалы автобус ВАЗ көлігімен соқтығысқан, ол өз кезегінде ұшып Volkswagen көлігін қаққан.

Жол апаты салдарынан 8 адам медициналық көмекке жүгінді. Барлығы да қос жеңіл көліктегі жолаушылар. Автобуста жолаушы болмаған.

Баспасөз қызметі автобус айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: