Қапшағай тас жолында жол апаты орын алып, жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 15:36 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында Қапшағай – Талдықорған тас жолында ауыр жол апаты орын алып, жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 11 қарашада сағат 15:15 шамасында 36 жастағы Renault-Premium жүк көлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, 34 шақырымда арадағы қашықтықты сақтамағандықтан Volvo көлігімен соқтығысты.

Оқиға орнында Renault-Premium R-400 жүргізушісі қаза тапты және Volvo маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шекті. Олар Өтеген батыр ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, – дейді полициядағылар.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: