Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі деп атап өткен.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Артынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

Бұған дейін 9 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы