Президент Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 10:39 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 9 маусымда Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

"Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі".Ақорда

Бұған дейін мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: