Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 11:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы 2024 жылдың 30 сәуірінде Ақорданың Telegram-арнасында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

"Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: