Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2026 10:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжирдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі деп қарастырамыз. Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынастары халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Алжир халқына құт-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: