Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Тоқаев, Мемлекет басшысы, Алжир, президенті , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 09:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 қарашада Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

"Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін", делінген Ақорда жариялаған құттықтау жеделхатында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесу өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: