Астанадағы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілді
Сурет: muftyat.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елордадағы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәліметке сәйкес, жаңа атау ресми түрде қолданысқа енгізіледі.
ҚМДБ-ның мәлімдеуінше, республикалық Бас мешіт – елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы.
"Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді", – делінген хабарламада.
Діни басқарма жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға өз үлесін қоса беретінін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript