Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.
"Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript