Тоқаев Италия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның көрнекті мемлекет қайраткері, бұрынғы Премьер-министрі Сильвио Берлусконидің дүниеден өтуіне байланысты Джорджа Мелониге көңіл айту жеделхатын жолдады, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Сильвио Берлусконидің Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға орасан зор үлес қосқанын атап өтті.
Айта кетсек, бүгін Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келіп жетті. Forza Italia партиясының жетекшісі және Mediaset телевизия желісінің негізін қалаушы 86 жаста еді. Берлусконидің Миланда ауруханада көз жұмғаны белгілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript