Тоқаев Мьянма премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Кейінгі мәлімет бойынша Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетті, 1 670 адам жарақат алды.
Таиландта жер сілкінісі салдарынан 6 адам қаза тауып, 22 адам жараланды, 101 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript