Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жапония, премьер-министр, көңіл айту жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 15:48 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, делінген 2026 жылғы 7 ақпандағы Ақорда хабарламасында.

"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", делінген жеделхатта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: