Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актіні қатаң айыптады

Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актіні қатаң айыптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 20:29 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның президенті мен премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады.

"Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 6 ақпанда, Исламабадтың орталығындағы мешітте жойқын жарылыс болып, 30-дан астам адам мерт болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: