Пахалгамдағы лаңкестік: Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

Жеделхат, көңіл айту, Қасым-Жомарт Тоқаев, Үндістанның Премьер-министрі, лаңкестік , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 17:48 Сурет: akorda.kz
2025 жылы 23 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: