Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 18:49 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.


"Еліңізде болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: