Каспийде тағы да жер сілкінісі тіркелді

Сурет: primeminister.kz
Каспий теңізінің акваториясында тағы да жер сілкінісі болды. 2026 жылдың басынан бастап мұнда 33-ші жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымы Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметіне сүйене отырып, жер сілкінісі 2026 жылдың 10 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 09:55-те болғанын жазады.

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 3,0 балды құрады. Жер сілкінісінің ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі координаттары: 38°32'24" солтүстік ендікте және 49°32'24" шығыс бойлықта.

Жер сілкінісінің ошағы Ақтаудан 584 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат берілмеді.

Бұған дейін 8 маусымда Алматы облысында жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды