Атырау облысында суға батып кеткен балықшының денесі табылды

Фото: unsplash
8 маусымда кешке 1993 жылғы ер адам балық аулап жүріп, суға батып кетті. Индер ауданы, Бөдене ауылына жақын Орал (Жайық) өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін, 10 маусымда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 1993 жылы туған азаматтың мүрдесін суға түскен жерден шамамен 100 метр қашықтықтан тауып, судан шығарды, деп жазады Ақ Жайық басылымы.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД‑ның 17 қызметкері, 4 техникасы мен 3 жүзу құралы, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатыстырылды.

Бұған дейін Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханадан табылған болатын.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады