Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған сәбидің ата-анасы табылмай жатыр - бүлдіршін ауыр хәлде

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 11 маусым күні таңертең Талдықорған қаласында бүлдіршінге байланысты қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенованың Instagram парақшасындағы жазбасына сүйенсек, қаланың 4-шағын ауданында бес қабатты үйдің маңынан шамамен бір жастағы кішкентай бала табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, сәби жоғарғы қабаттардың бірінен құлап кеткен. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, қазір оның өмірі үшін күресіп жатыр. Ең қорқыныштысы – әзірге баланың ата-анасы да, оның қай пәтерден құлағаны да анықталмаған. Сәби ауруханаға аты-жөні белгісіз күйде түсті", – деп жазды ол.

Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың қазіргі уақытта медициналық мекемеде екенін хабарлады.

"Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – делінген ресми ақпаратта.

Сәбидің ата-анасының табылып-табылмағаны жайлы әзірге ақпарат жоқ.

Бұған дейін Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек