Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 10 маусымда Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалында қайғылы оқиға болды – жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол ағашқа соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сурет: Zakon.kz

"Алдын ала деректер бойынша, оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді полиция департаменті.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін БҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тауып, тағы сегізі зардап шеккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды