Ақтөбе облысында полиция ерекше қорғалатын аумақта заңсыз балық аулаудың жолын кесті

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз балық аулау дерегін анықтады.

Заңсыз әрекет Ырғыз ауылынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіретін Айкөл көлінде тіркелді.

Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулап жүрген алты жергілікті тұрғынды ұстады. Оқиға орнын қарау барысында УАЗ, ВАЗ-2107 және УАЗ Патриот автокөліктері, ұзындығы 100 метрден асатын екі балық аулау торы, екі үрлемелі резеңке қайық, сондай-ақ сазан мен шортан тұқымдас балықтар салынған 17 қап тәркіленді.

Тәркіленген автокөліктер аудандық полиция бөлімінің арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі уәкілетті органның тиісті қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін