Атырауда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Атырауда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударып келеді.

Әсіресе, елдімекендерде автокөлікпен әдейі дрифт жасау, жылдамдықты шамадан тыс асыру және жол қозғалысы қағидаларын елемеу ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын қауіпті әрекеттердің бірі болып саналады.

Мәселен, 27 маусым күні сағат 14:00 шамасында Өркен ықшам ауданында автокөлік жүргізушісінің дрифт жасағаны, сондай-ақ жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.

Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 22 жастағы жүргізуші мен 19 жастағы жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын сақтамау және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық