Тоқаев Лукашенконы және Беларусь халқын құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 3 шілдеде Беларусь президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстан
Беларусь
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Лукашенко Александр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін