Жамбыл облысында 71 тонна қарасора жойылды

Фото: polisia.kz
Жамбыл облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ жабайы қарасораны жоюға бағытталған "Қарасора – 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Жамбыл облысы полиция департаментінің Дельта-Долина ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының курсанттарының қатысуымен кезекті тәжірибелік сабақ өтті.

Іс-шара барысында курсанттар бөлім басшылығы және жедел құраммен кездесіп, есірткі қылмыстарына қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу тактикасымен танысты.

Сонымен қатар бөлімнің материалдық-техникалық базасын және қызмет барысында қолданылатын заманауи арнайы техниканың мүмкіндіктерін зерделеді.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жоспар аясында Шу ауданының құмды аймағында жабайы қарасораны шауып, кейіннен өртеп, жойды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 110 гектар аумақта қамтыған 71 тонна жабайы қарасора жойылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар есірткінің заңсыз айналымы арналарының жолын кесуге және өңірден тыс жерлерге есірткі шикізатының таралуына жол бермеуге бағытталған.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін