Өңір әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, аудан орталығында қатты екпінді желден байланыс мұнарасы жеке орналасқан бірқабатты дүкеннің шатырына құлап, үш адам зардап шекті. Олардың барлығына аудандық ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі
"Жағдай – облыс әкімінің жеке бақылауында. Оның тапсырмасымен комиссия құрылып, шұғыл түрде ауылға жеттік. Ең бастысы – адамдар дін аман. Зардап шеккен тұрғындарға заңға сәйкес, қажетті қолдау көрсетіледі, ешбірі көмексіз қалмайды. Біз табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына тез арада кірісуіміз керек", – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігі
Одан кейін Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында қалыптасқан жағдай жан-жақты талқыланып, зардап шеккен нысандардың тізімін жасақтау, келтірілген шығынды бағалау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты мекемелердің іс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды.
Бүгінде барлық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтіндігін жазғанбыз.