Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейді

Контрольно-пропускной пункт , пункт пропуска, КПП, пункты пропуска, пограничная служба, пограничная зона, пограничные зоны, граница Кыргызстана и Казахстана, границы Кыргызстана и Казахстана, границы КР и РК, граница КР и РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 11:07 Фото: gov.kg
Президент 2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттері туралы келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Сырдария – Малик" және "Целинный – Оқ олтин" автомобиль өткізу бекеттерінің мәртебесі екіжақтыдан халықаралық (көпжақты) деңгейге өзгертіледі.

Сонымен қатар, аталған бекеттердің жұмыс тәртібі "күндізгі уақытта" режимінен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.

Бұдан бөлек, хаттамаға сәйкес, өткізу бекеттері тек жеңіл автокөліктерге арналған режимнен жүк-жолаушылар өткізу бекеті мәртебесіне көшеді.

Атап айтқанда:

  • "Целинный – Оқ олтин" өткізу бекеті арқылы жеңіл автокөліктердің, бос жүк көліктерінің, сондай-ақ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктер мен тауарлардың өтуіне рұқсат беріледі;
  • "Сырдария – Малик" өткізу бекеті тек жеңіл автокөліктер мен бос жүк көліктерінің қозғалысына арналған. Бұл бекет арқылы коммерциялық жүк тасымалы жүзеге асырылмайды.

Заң 2026 жылғы 21 шілдеден бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: