Астанада өрт сөндірушілердің қоқыс полигонында тұтанған өртпен алысып жатқанына үшінші күн болды - видео

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Елорданың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында негізгі күштер мен құралдар жұмылдырылған екі жауынгерлік учаске құрылды.

Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және жалынның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта полигонға 14,85 мың тоннаға жуық инертті материал жеткізілді.

"Жұмыстардың жүргізілуі қатты түтінге, жиналған қалдықтардың тұрақсыз болуына байланысты қиындауда. Бұл арнайы техниканың қозғалысын шектеп, ірі габаритті техниканың маневр жасауына кедергі келтіруде. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету өрт гидрантынан су тасымалдайтын өрт сөндіру автоцистерналары мен су таситын арнайы көліктер арқылы жүзеге асырылуда. Өртті сөндіруге ТЖД мен ЖАО 120-ға жуық жеке құрамы және 150 бірлік техникасы жұмылдырылған". ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі

Жағдай ТЖМ-ның тұрақты бақылауында.

Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды