Павлодарда полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 5 мыңға жуық автокөлікті тексерді

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында өткізілген "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 4757 автокөлікті, мал және ет өнімдерін өткізетін 4237 сауда орнын, сондай-ақ 4647 шаруа қожалығын тексерді.

Тексеру барысында ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың 171 фактісі анықталып, мал жаю қағидаларын бұзған 1347 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Аққулы ауданына қарасты Шабар ауылының маңынан қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азат Кусаинов.

Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңнама талаптарының сақталуын күшейтуге бағытталған.

Павлодар облысы полиция департаменті мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Ведомствоның мәліметінше, мал ұрлығының басым бөлігі қараусыз жайылған әрі сәйкестендірілмеген малға қатысты жасалады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін