Ақтөбе облысында жыл басынан бері хабар-ошарсыз жоғалған азаматтарға қатысты 900-ден астам өтініш түскен

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы полиция департаментіне азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуына қатысты 900-ден астам өтініш келіп түсті. Оның 470-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

Криминалдық полиция, патрульдік полиция және өзге де қызметтердің жедел әрекетінің нәтижесінде із-түзсіз жоғалған азаматтардың басым бөлігі анықталып, үйлеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта үш адамның жүрген жері әлі белгісіз. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Азаматтардың жоғалу себептері әртүрлі. Ересектердің кейбірі туыстарына ескертпестен жұмыс іздеп басқа өңірлерге кетіп қалады, байланысқа шықпайды немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырады. Ал кәмелетке толмағандар көбіне отбасындағы жанжал, ата-аналарымен түсініспеушілік немесе өз әрекетінің салдарын толық бағаламау салдарынан үйден кетіп қалады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері төмендегі азаматтардың жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде:

Әрбір хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша дереу іздестіру топтары құрылып, кешенді жұмыстар жүргізіледі. Полицейлер жоғалған азаматтардың туыстары мен таныстарынан, куәгерлерден жауап алады, болуы мүмкін орындарды тексереді, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделейді, сыртқы нарядтарға бағдар береді.

Сондай-ақ еріктілермен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда іздестіру жұмыстары облыс аумағынан тыс жерлерде де жүргізіледі.

Полиция тұрғындарға үндеу жасайды: егер іздестіріліп жатқан азаматтардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтер болса, дереу 102 нөміріне, сондай-ақ 8-707-765-35-25, 8-778-453-16-10, 8-708-188-63-58 телефондарына хабарласуды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуді сұрайды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін