Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімшелеріне жеке сот орындаушыларынан қарызды өтеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздеуге жариялау туралы қаулылар тұрақты түрде келіп түседі.

Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көші-қон қызметінің қызметкерлері 61 жастағы әйелдің жүрген жерін анықтады. Ол 2025 жылдың наурыз айынан бері қала тұрғыны алдындағы 4 млн теңгеден астам берешегін өтемей келген.

Сонымен қатар полицейлер алимент төлеуден жалтарған 34 жастағы ер адамды да тапты. Ол екі кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі міндетін ұзақ уақыт орындамаған. Соның салдарынан алимент бойынша берешегі 4 млн 200 мың теңгеге жеткен.

Азамат ақпан айынан бері іздеуде болған. Қазіргі таңда екі борышкерге қатысты қарызды өндіріп алу шараларын сот орындаушылары жүзеге асырады.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері 50-ден астам борышкердің орналасқан жерін анықтады. Сот актілерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті сот актілерін орындау – әр азаматтың заңмен белгіленген міндеті екенін еске салады. Одан жалтарған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген. Полицейлер азаматтарды міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады. Бұл – заң талаптарын сақтаудың ғана емес, өзге азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қараудың да көрінісі

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды