Алматыда "дипломын жыртып тастаған" түлек қамауға алынды

Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде ресми диплом табыстау сәтінде көпшілік көзінше дипломын жыртып тастаған түлектің әрекеті қызу талқылануда. Қоғамда резонанс тудырған бейне полицейлердің де назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, оқиға Алматы қаласындағы жекеменшік колледждердің бірінде диплом табыстау салтанаты кезінде орын алған.

Полицейлер анықтағандай, жүргізілген тексеру нәтижесінде дипломның түпнұсқасы, оған қоса берілетін қосымшасы және оқу орны берген түпнұсқа мұқабасы бүлінбегені анықталды.

"Бейнежазбада алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған",- деп нақтылады құзырлы орган.

Соған қарамастан жарияланған бейнеролик интернет желісінде кеңінен тарап, қоғамда түрлі пікір туғызып, полицияның тексеруіне негіз болды.

Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Бұдан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (ұсақ бұзақылық) 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот бес тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады". Алматы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде қоғам арасындағы пікір екіге жарылды. Бірі түлектің әрекетін "балалық-шалалық" деп бағалап, оған тағайындалған жазаның тым ауыр екенін айтса, енді бір топ өкілдері полицейлердің әрекетін дұрыс санайды.

Бұған дейін Алматыда тауға шыққан бес жасөспірім қайтарда адасып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті