Жамбыл облысында 8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қордай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Оның айтуынша, малды жазғы жайылымға айдар алдында басын санау кезінде 51 қой мен 27 қозының жоқ екені анықталған.

Келтірілген материалдық шығын 8,5 миллион теңгеден асты. Арыз иесінің айтуынша, ол жоғалған малды өз күшімен іздеп көргенімен, іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Осыдан кейін полициядан көмек сұраған. Аталған дерек бойынша мал ұрлау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде ұрланған малдың бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мал ұстайтын орындардың сенімді күзетілуін қамтамасыз етуді, сырғалау және жануарларды сәйкестендірудің өзге де құралдарын қолдануды, сондай-ақ малдың жоғалу фактілері анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты