Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
Серік Шәпкенов 2026 жылғы 17 шілдеден бастап Атырау облысының әкімі қызметін атқармайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ресми ақпараттан белгілі болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Серік Шәпкенов 1979 жылғы шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000–2001 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылымдарында қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы салаларында түрлі қызметтер атқарды.

Сондай-ақ:

Қазақстан
Молния
Атырау
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы