"Балық аулаймыз деп өздері "қақпанға түсті". Есіл жағалауындағы тосын оқиға

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"112" пультіне Қызылжар ауданының Красный Яр ауылы маңындағы Есіл өзенінің жағасында жеңіл автокөліктің батпаққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтар балық аулауға келген, алайда топырақ жолмен жүрген кезде көлік батпаққа батып, өздігінен қозғалысын жалғастыра алмаған.

"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Құтқарушылар жағдайды бағалап, авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті. Арнайы техниканың көмегімен автокөлік батпақтан сәтті шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу сұралады.

Бұған дейін "Құсбегілік" ұлттық аңшылық құрамасының мүшесінен Қызыл кітапқа енген 35 құс тәркіленгені хабарланған.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты