"Құсбегілік" ұлттық аңшылық құрамасының мүшесінен Қызыл кітапқа енген 35 құс тәркіленді

Беркут, беркутчи, национальные праздники, национальный праздник, Наурыз , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 11:53 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құсты заңсыз ұстау дерегі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) хабарлады.

Тергеу мәліметінше, Қарағанды қаласының тұрғыны 2017 жылдан бері өз үйінің аумағында заңсыз құс питомнигін ұйымдастырған.

Күдікті 2017 жылдан бастап "Құсбегілік" федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі бола отырып, Қарағанды қаласындағы өз үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған. ҚМА баспасөз қызметі

Аңшылық, қыран құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram парақшасы арқылы ол табиғи мекендеу ортасынан заңсыз алынған сирек жыртқыш құстарды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан.

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс анықталып, тәркіленді.

Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады.

Күдікті қамауға алынды.

Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында.Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: