ШҚО тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген

ШҚО тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 18:52 Сурет: polisia.kz
ШҚО-да Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп өткізген жедел профилактикалық рейд барысында Сузуки автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген бір ителгі және тұзақ ретінде пайдалану мақсатында алты көгершін табылып, тәркіленді.

Ұсталған 55 жастағы ШҚО тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы құстар Өскемен қаласындағы мемлекеттік зообаққа тапсырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: