Қызыл кітапқа енген құландар "Алтын дала" резерваты аумағына бейімделді

Қызыл кітапқа енген құландар "Алтын дала" резерваты аумағына бейімделді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 23:03 Сурет: "Барсакелмес" мемлекеттік қорығы
Қызыл кітапқа енген құландар Қостанай облысындағы "Алтын дала" резерваты аумағына бейімделді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бір жыл бұрын сирек кездесетін бұл жануарлар Жетісу облысындағы "Алтын-Емел" ұлттық паркінен Қостанай облысындағы "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілген еді. Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы құландардың жаңа ортаға қалай үйреніп жатқаны туралы мәлімет берді.

Бастапқыда жануарлар бір жыл бойы тұяқтыларды қайта жерсіндіру орталығының қоршауында мамандардың бақылауында болған. Қазір олар табиғи ортаға толықтай бейімделіп, еркін жүр.

Құландардың қозғалысын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың мойнына GPS таратқышы бар арнайы мойынтұмарлар мен белгілер тағылған.

Айта кетейік, құландар Қазақстан аумағынан 100 жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен. Бұған браконьерлік, табиғи мекендерінің жойылуы және үй жануарларымен жайылым үшін бәсеке себеп болған.

2017 жылдан бері бұл сирек кездесетін дала жануарын қайта жерсіндіру жұмысы жалғасып келеді. Әр жылы еліміздің басқа өңірлерінен әкелінген құландардың арқасында Орталық Қазақстанда жаңа популяция қалыптасып, біртіндеп нығайып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: