Қымбат көліктерді рәсімдеу үшін үйсіз адамдарды пайдаланған: ІІМ қылмыстық топтың схемасын әшкереледі

Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасының бастығы Самат Күсетов 2026 жылғы 24 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде қылмыстық топтың үйсіз адамдарды қымбат көліктерді рәсімдеу схемасына қалай пайдаланғанын айтып берді.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері полиция адам саудасына байланысты 80-нен астам қылмысты анықтаған.

"Сондай-ақ екі ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді. Мәселен, Алматыда адамдарды қылмыстық мақсатта қанау үшін сатумен айналысқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топ тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларды қанау құрбаны ретінде тартқан. Алдымен олардың оң несие тарихын қалыптастырып, кейін солардың атына Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеп, кейін оларды сатып отырған", – деді Самат Күсетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушылары ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда бюджет қаражатын 3 млрд теңгеден астам сомаға жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты