Алматы облысында жарақат алып таудан түсе алмаған екі бойжеткенге құтқарушылар көмек көрсетті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында құтқарушылар жарақатына байланысты таудан өздігінен түсе алмаған екі туристке көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Талғар ауданындағы Букреев шыңының 3010 метр биіктігінде 2003 және 2006 жылы туған екі турист қызға құтқарушылардың көмегі қажет болды. Қыздар 10 адамнан тұратын туристік топ құрамында тауға көтерілген.

Көтерілу барысында олардың аяқтары жарақаттанып, өздігінен төмен түсе алмады. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына "Бұтақты" бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары жедел аттанды. ТЖМ қызметкерлері турист қыздарды тауып, тау бағытынан эвакуациялады және оларды аман-есен "Бұтақты" бақылау-құтқару бекетіне жеткізді. Сол жерде олар ата-аналарына тапсырылды.

Қыздар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқарушылар тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауды, дайындық деңгейіне сай бағыт таңдауды, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын алып жүруді және жоспарланған маршрут туралы жақындарыңызға хабарлауды ескертеді.

Бұған дейін жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен қазақстандық түрмеге тоғытылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ