Жедел жәрдем қызметкеріне күш көрсеткен қазақстандық түрмеге тоғытылды
Фото: akorda.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауданаралық соты медицина қызметкеріне күш қолданған азаматты 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотпен анықталғандай, 2026 жылғы 23 маусымда сағат 12:00 шамасында СҚО Шал ақын ауданы Ұзынжар ауылының маңында сотталушы мас күйінде өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген медицина қызметкеріне қатысты қасақана зорлық-зомбылық қолданған.
Белгілі болғандай, айыпталушы жәбірленушінің оң жақ сирағынан аяқпен бір рет және іш тұсынан бір рет соққы жасап, сондай-ақ оның екі білегінен қос қолдап ұстап, дене жарақатын салып, физикалық ауырсыну келтірген.
"Құқық бұзушының заңсыз әрекеттері оқиға орнына келген полиция қызметкерлерімен тоқтатылды". Шал ақын ауданының ауданаралық соты
Ер адамның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жиналған дәлелдемелермен, сондай-ақ өз кінәсін мойындау туралы айғақтарымен толық дәлелденді. Ол ҚР ҚК-нің 380-3-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтеумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады".
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript